(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КӨТЕРМЕ ЖӘНЕ БӨЛШЕК САУДАДА ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН БАҒАЛ...

Көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған бағалық реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-150 бұйрығы

(2023.02.05. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 5 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 245-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған бағалық реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Бәсекелестікті қорғау

және дамыту агенттігі

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023.14.04. № 73 бұйрығымен тізбе жаңа редакцияда (2023 ж. 2 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің м.а.

2022 жылғы 1 желтоқсандағы

№ ҚР ДСМ-150 бұйрыққа қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.